13.04.2017, 17:22
Оқылды: 40

«Ардагерім - ардағым»

Еліміздің барлық аймақтарында «Ардагерім - ардағым»  республикалық акциясы басталды. Акция аясында атқарылар жұмыстар Шыңғырлау ауданында өткен кеңесте талқыланды.


Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Сәмиев өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

- Аталған акция кезінде ардагерлердің әлеуметтік тұрмыстық мәселелері оң шешімін таппақ. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштер мен мемориалдар қалпына келтіріледі.

Ал «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері ҰОС ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне қолғабыс етпек. Өткен жылы 10 адам «Ақжайық» шипажайына барып демалды. 24 шыңғырлаулық Жаңғала ауданында ем-домын алса, 24 адам республикалық «Ардагерлер айнасы» газетіне тегін жаздырылды.

Осы жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев ақсақалдармен емен-жарқын әңгімелесті. Көпті көрген қариялардың өтініш-тілектерін де ескерді.

  Айсұлу Амангелдіқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале