10.04.2017, 12:22
Оқылды: 26

Ардагерлер арасындағы волейболдан біріншілік  

 

Қаратөбеде ардагерлер арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті. Тартысты додаға ауданның Қаратөбе, Шөптікөл, Үшағаш ауылдарының және Саралжын, Жусандыой, Қаракөл ауылдық округтерінің командалары қатысып, тамаша ойын өрнегін көрсетті. 

Аудан біріншілігінің ашылу салтанатында ардагер спортшы Мағзом Есендосов құттықтау сөз сөйлеп, біріншілікке қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде Қаратөбе ауылының ардагерлері І орынды иеленіп, біріншілік жеңімпазы атанса, ІІ және ІІІ жүлделі орындар Саралжын, Жусандыой ауылдық округтерінің командаларына бұйырды.

Командалар бойынша жекелеген ойыншылар арасынан қаратөбелік Мейрам Құмарғалиев «Көрермен көзайымы», үшағаштық Жәлел Рахманқұлов «Үздік шабуылшы», қаракөлдік Мұхтар Садықов «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болды. Ал командалар арасында белсене ойын көрсеткен Үшағаш ауылының командасы «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы бойынша марапатталды.

Жеңімпаз атанған және жүлделі орындарға ие болған командаларға,  аталымдар иелеріне дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

 

                                                     Ерболат РАЙСОВ,

                                                            Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Әспеттелген әмбебап бесік

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале