13.10.2017, 14:23
Оқылды: 17

Ардагерлерді ардақтады

 

Зеленов ауданы Белес ауылында қайырымдылық айлығы аясында «Қариялар күні»  мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында түске дейн округ әкімінің міндетін атқарушы Бекзат Бадақов Ұлы Отан соғысы ардагері Мария Шерғалиеваға және 2017 жылы 70, 80, 90 сынды мерейлі жасқа толған еңбек ардагерлерін арнайы құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Ауыл үлкендеріне дастарқан дайындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталған шараға қонақ ретінде шақырылған белестік Ақсерік Әйтімов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев және облыстык «Ата сөзі - бата сөз» байқауының 2-орын иегері Сатыбалды Төлегенов  қатынасты.

Басқосуда округ әкімі мен қонақтар құттықтау сөз сөйлесе, округ ақсақалдары меймандарға өз ризашылықтарын білдірді. Мерекелік шара Дариян ауылдық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Нұрәлі НӘБИ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале