25.02.2020, 15:09
Оқылды: 81

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы орталық ауруханада жалғасты

  «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев пен аудандық мәслихат депутаттары Бибігүл Бектелеуова мен Гүлнар Мұқановалар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында орталық ауруханаға барып, ардагер науқастармен жүздесті.
ardager (2)

– Қазіргі кезде тек жасы келген аға буынға ғана емес, әр науқасқа  жағдай жасалып жатыр десем артық болмас. Әрі ардагерлерімізге, егде жастағы өзге де науқастарымызға арнайы палата да бар, – деді аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисанов.

Ақ халаттылардың жақсы қызметін Еңбек Ері, ауылымыздың ардақты азаматы Ескендір аға Есімов те ризашылықпен әңгімеледі.

Еркебұлан Рахметоллаұлы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале