2.02.2017, 10:12
Оқылды: 66

Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы

Kaztalov ardagerdi ardaktayik  1 ақпан күні Жалпақтал жастары республикалық «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында соғыс және еңбек ардагеріне қол ұшын созып, көмек көрсету шараларын қолға алды.


  -Отан қорғау үшін жанын аямаған бүгінгі ардагерлерге қанша құрмет жасасақ та артықшылық етпейді. Себебі, бүгінгі жас ұрпақтың бақытты өмір сүруі қазыналы қарттарымыздың қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз,- дейді аудандық «Нұра Отан» партиясы филиалының Жалпақтал бастауыш партия ұйымының кеңесшісі Әсемгүл Хасанова.

  Акцияның құрамында Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұжымы, Жалпақтал жастары соғыс және еңбек ардагері Жұбат Сәрсембиевтің шаңырағында болды. Жастар қарияның ауласын қардан тазартып, үй шаруасына жәрдемдесті.

  Майдангер ақсақал 25 қаңтардағы Елбасының Үндеуін және 31 қаңтар күні «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын қолдайтындығын білдіріп, жастарға өнегелі өмір жолдарынан естеліктер айтып, ақ батасы берді.

  Ауыл жастарының осы бағыттағы жұмыстары алдағы күндері де өз жалғасын таппақ.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

 Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале