12.07.2017, 18:45
Оқылды: 22

Ардагерлерді  қабылдады

karatobeБүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев ауданның дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ ардагерді қабылдады.


«Бүгінгі басқосудың мақсаты – өздеріңізбен танысып, кездесіп өзара пікір алмасу», - деді  аудан әкімі Жанат Асылханұлы.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев ауданның жаңа басшысы Жанат Асылханұлын қабылдауға қатысушы ардагерлермен таныстырып, аға ұрпақтың өнегелі еңбек жолдары туралы әңгімеледі.

Әр салада елеулі еңбек еткен ел ағалары  О.Ермекқалиев, С.Фазылов, Ж.Тоқжанов, Н.Дәулетов, М.Қожахметов, М.Ермеғали, Е.Жәнібеков, М.Қуанышев, М.Есендосов  және М.Мерәлиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының  директоры А.Берікқалиевалар кездесу барысында ауданның қоғамдық өміріне қатысты өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғап,  бірқатар ұсыныстар тастады.

Аудан әкімі Ж.Асылханұлының  аға буынға деген құрметі мен зор ықыласына ризашылықтарын білдірген  ардагерлер  аудан басшысымен емен-жарқын әңгімелесіп, алдағы уақытта жаңа басшымен бірлесе жұмыс жүргізуге ниетті екендіктерін айтты.

Аудан басшысы Жанат Асылханұлы   дөңгелек үстелде бас қосушы  ел қазынасы  ауыл қарияларына жылы лебізін білдірді.

Ерболат РАЙСОВ,

                                                             Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале