5.05.2017, 10:15
Оқылды: 50

Ардагерлерге әдемі кеш сыйлаған кездесу

Қазталов аудандық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай "Ұлы Жеңіс - жасасын!" атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне аудан орталығында тұратын тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері және аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Кеш барысында қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова туралы бейнефильм көрсетіліп, "Нұрбалапан" бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары әзірлеген әдемі билер биленіп, өлеңдер оқылды.

Мектеп оқушыларынан құралған "Әскери-патриоттық азамат" клубы және "Қоян-қолтық шайқасы" клубының мүшелері өздерінің өнерлерін ортаға салып, шараға қатысушы қонақтардың алғысына бөленді.

Шара соңында кітапхана қызметкерлері дайындаған көрініс көрсетіліп, қонақтардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале