1.03.2017, 17:41
Оқылды: 80

Ардагерлерге алғыс айтты

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Қазталов ауданы Қошанкөл ауылдық "Нұр Отан" БПҰ мүшелерінен құралған топ тыл және еңбек ардагерлерін құттықтады. Шара Алғыс айту күніне орайластырылды.


Жергілікті жастар ауылдың үлкендеріне әрдайым қолғабыс жасап келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы игілікті істер бұдан әрі де жалғасын таппақ. Ал бүгінгі шарада олар қарияларға концерттік бағдарлама ұсынды.

Сұрапыл соғыс жылдарының қиындықтарын еске алған ардагерлер заманның тыныштығын тілеп, ауыл басшыларына алғысын білдірді.

Мирбол Адаялиев,
Қошанкөл ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале