13.10.2017, 15:52
Оқылды: 14

Ардагерлерге құрмет көрсетті

Қайырымдылық айлығына орай Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Амантай Жұмақұлов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендәлиев аудан орталығында тұратын  соғыс ардагерлері Қабдисат Ізбасов, Екатерина Необутова мен Макар Дорошенколарға барып, жағдайларымен танысты.

– Сұрапыл  соғыста бүгінгі ұрпақ үшін кеуделерін отқа тосып, бейбіт заманда еңбегімен танылған ардагерлерді құрмет тұту парызымыз. Аға ұрпақ ерлігі әрқайсымызға үлгі,-деген ол ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.

Ардагерлер әр мереке сайын келіп, жағдайларын біліп тұратын аудан басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Соғыс және еңбек ардагердеріне көрсетілетін құрмет айлық аясында жалғаса береді, - дейді ұйымдастырушылар.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале