1.11.2018, 17:19
Оқылды: 73

Арман Бердалин: «Жемқорлықты жеңуге болады»

Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері келді.

IMG_0354

        

Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин, БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Жаңақала желілік өндірістік басқармасында, халыққа қызмет көрсету орталығында, Жаңақала мектеп-гимназиясы мен Жаңақала колледжінде болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.

          Сондай-ақ, арнайы мониторинг топтың өкілдері «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдап, түрлі мәселелеріне құлақ түрді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр қызметкер өзгерісті өзінен басту керектігін айтты. Және Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына кез келген тұрғынның көкейіндегі ой-пікірін жолдауға толық мүмкіндігі бар екенін, жұртышылықпен кері байланыс механизмдерін жетілдіру бағытында қолға алынған бастамалар уәкілетті органның ашықтығының дәлелі екенін атап өтті.

– Қазіргі таңда жемқорлықтың жолын тосып, соған бөгет жасап жатқан мәселелерді көріп жүрсіздер. Бірақ, біз жемқорлықпен күреспес бұрын, оның алдын алуды  мақсат еттік. Қазынадан бөлінген қаржыны қоғам болып бақылайық, ел болып бірігіп, жемқорлыққа қарсы күш біріктірейік деген мақсатта ауданға келдік. Жемқорлықты жеңуге болады.

Елбасының бастауымен жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының қатарына кірген. Агенттік қоғаммен тығыз байланысқа, азаматтармен тікелей қарым-қатынасқа үлкен мән береді. Республиканың кез келген тұрғыны Агенттік төрағасына «Facebook» және «Telegram» желілерінде жеке парақшасына тікелей байланысқа шыға алады. Арнайы мониторингтік топ облыстарға сапарын қорытындылап, тиісті министрліктерге, мекемелерге халықтың ұсыныстарын жеткізеді. Халықтың ұсынысын тыңдау біздің басты міндетіміз,-деді А.Бердалин.

IMG_0385

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале