15.10.2018, 16:01
Оқылды: 41

Аруға көмектесейік, ағайын!

Зеленов ауданының шығармашылық ұжымдары ауыр дертке душар болған Ару Азаматтың еміне қаржы жинау мақсатында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

aru (1)

Көмекке мұқтаж кішкентай Арудың тез сауығып кетуін тілеген зеленовтық ағайын концертке көптеп жиналды. Билет сатылымынан түскен қаражат кішкентай Арудың анасы Аидаға табыс етілді. Бұдан бөлек, концертке келген әр тұрғын сахнаға қойылған жәшікке ақша салып, кішкентай қызымыздың жазылып кетуін тіледі.

Алдағы күндері Мәскеу қаласына емделуге баратын кішкентай бөбектің еміне әлі де көп қаражат керек. Көмек қолын созам деген жандар болса, help_aru инстаграмм парақшасына кіріп, Арудың жақындарымен хабарласа алады.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале