10.07.2020, 15:35
Оқылды: 92

Асан мешітінің жамағаты екі оттегі аппаратын сатып алды

Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылы мешітінің жамағаты жаман індеттен құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы өмір қалпымызға қайта оралайық деген ниетпен Алла жолына қой сойып, құрбандық берді.

9F5A2367-B844-4075-9A12-805DA5ACD69E

-Қазіргідей қиын-қыстау сәтте шипа мен ем болатын алғашқы амал – мұсылманның дұғасы. Әр адам оқыған намазында, берген садақасында да Алладан ел амандығын тілейді. Күні бүгінге дейін екі қой сойып, етін мұқтаж және сырқатқа шалдыққан адамдарға таратып бердік. Алдағы уақытта тағы да құрбан шалатын боламыз,-дейді мешіт имамы Мұратбек қажы Жахатов.

Бұдан бөлек Асан мешітінің жамағаты қаражат жинап, екі өкпеге оттегі беретін аппарат сатып алған. Ресейден алдырған арнайы қондырғы бірер күнде елге жеткізілетінін айтады Мұратбек қажы.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале