4.06.2018, 17:11
Оқылды: 58

Ащысайға су келеді

Шыңғырлау ауданында ауыз су тапшылығын көріп отырған елді мекендер - Ащысай мен Аманкелді. Биылғы жылдың елеулі оқиғасы болғалы тұрған жай-осы мәселенің оң шешімінің табылуы болып тұр. Суы мол, бұлақтың бастауы саналатын Сырықсалдыдан ауыз суды жүргізу жұмыстары басталып та кетті.Жұмыс екі бағытта: Сырықсалды-Аманкелді, Аманкелді-Ащысай бойынша жүруде.

Жақында осы жұмыстың жүру барысын көрудің сәті түсті. Бірден айтайық, су жүргізудің қарқыны жақсы, сапасы да көңілге қонымды. Жұмысты жүргізіп жатқан екі құрылыс компаниясы да тәжірибелі, іскер адамдардан құралған. Жергілікті тұрғындар да қамтылған. Кездесу барысында су өткізу жолын қазушылардың күніне 1000 метрге жақын жерді қазып өтетінін ескерсек, жұмыс қарқынын өзіңіз шамалай беріңіз.

Әрине, мұнымен қатар тұрбаны салу, оның қалыпты деңгейін сақтау, топырақпен жабу жұмыстары да бар.

Жұмысшылар өз орындарында қызу еңбекпен айналысуда. Ауыл халқының да көңіл-күйі көтеріңкі. Біз алда да бұл мәселе жөнінде ақпараттар жазатын боламыз. Судың келетініне сенген Ащысай халқы қуанулы. Ендігі сөз де, іс те су өткізетін құрылысшыларда. Қуанышқа толатын күндеріңіз жақын болсын, ащысайлықтар. Орал және Қызылорда қаласынан келген құрылыс компанияларының жұмыстары сәтті болсын деп тілейік.

Адақ Шотпанов,

Шыңғырлау ауданы

6 7

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале