26.10.2017, 12:07
Оқылды: 40

Әскерге кеткен сарбаздың жұмыс орны мен лауазымы сақталады

Қазіргі таңда күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр.  Қыркүйек айында басталған әскерге шақыру жұмыстары желтоқсанға дейін жалғасады. Зеленов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері осы уақыт ішінде 70 бозбаланы әсерге жіберулері керек. Қазіргі таңда ҚР ҰҚК шекара әскерлері мен ҚР қарулы күштерінің түрлі құрылымдарына 29 жас жігіт аттанған.

Әскерге барушылар мен медициналық куәландыруға келген жігіттердің арасында Переметный, Көшім және Мичурин ауылдарының жастары көп болса, Сұлукөл, Чеботарев және Чиров ауылдарынан жастар мүлдем жоқ. Оны әскер жасындағылардың Отан алдындағы борышын өтеуге құлықсыздығы мен жастардың ауылдан жырақта жүргендігімен түсіндіруге болады. Бөлім қызметшілерінің айтуынша, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімде тіркеуде тұрғанымен өзі мүлдем басқа жақта жүрген жастар көп екен. Соның кесірінен оларды тауып, медициналық куәландырудан өткізу мүмкін болмай отырған көрінеді.

Қорғаныс бөліміне барғанымызда аудандық медициналық әскерге шақыру комиссиясының мүшелерімен де тілдесудің сәті түсті. Олардың айтуынша, соңғы кездері аудан жастары арасында артериалды гипортония мен жүрек, қан-тамыр аурулары белең алған. Ал бұған дейін көбірек ұшырасатын майтабан, гастрит, көз және бүйрек аурулары азайған.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале