15.01.2020, 18:28
Оқылды: 35

«Асқынған дерттің ақыры – мүгедектік»

Қаңтар айы басталысымен айналамызда жөтелген, қызулаған, басы ауырып, асқа тәбеті жоғалған адамдар көбейді. Олардың барлығы тұмау ма, ауру неге бұлай өршіді? Мұның анық-қанығын білмек мақсатта Сырым аудандық орталық ауруханасының отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі, дәрігер Лаура Амановамен  сұхбаттасқан едік.

 

dav

dav

-Сонымен мұны тұмаудың белгісі деуге бола ма? 

-Бұл белгілер жедел респираторлы вирустық инфекцияға тән. Аурудың бәрін тұмау деуге болмайды. Біреу пневманиямен, біреу танзилитпен, бронхитпен ауыруы мүмкін. Тұмау – сондай қоздырғыштардың бір түрі.

-Вирустық инфекция қазір ауданда өршіп тұрғанға ұқсайды...

-Иә, қаңтар мен сәуір аралығы дерттің өршитін уақыты. Биыл ересектерден гөрі балалар жиі ауыруда. Күн сайын қабылдауға 10-15 бала осы вирустық инфекциямен келеді. Олардың көбінде – дерт асқынған. Бізді бұл алаңдатып отыр. Ата-аналар балалар ауырса, әуелі өздері емдеуге тырысады. Дәрігерге дерт бой бермегеннен кейін, яғни, асқынғасын алып келеді.  Ал асқынған дерттің ақыры – мүгедектік.

 -Сонда жарнамадағы сироптар мен ұнтақтарды өз бетімізбен пайдалана беру зиян ба?

-Адамның өз денсаулығын өзі күтуі дұрыс, бірақ, өзін-өзі емдеуге болмайды. Жарнамадағы дәрінің бәрін бей-берекетсіз пайдаланбай, дәрігермен кеңесу керек. Дерт асқынып кетсе, мүгедектікке апарып ұрындыруы да мүмкін.

 -Балаларды вирустан қалай қорғаймыз?

-Біз балаларды тойға, қонаққа көп апарамыз. Мынадай ағза әлсіреген, вирус өршіген уақытта жас өспірімдерді көпшілік жерлерге әкелмеу керек. Ауырып ем іздегеннен гөрі оның алдын алған абзал. Осыны бір сәт естен шығармасақ екен.

         -Сұхбатыңызға рахмет!

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале