26.11.2018, 17:15
Оқылды: 75

Ассамблеяның үздік медиаторы атанды

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық негіздегі медиаторлар арасында жариялаған  республикалық байқаудың қорытындысымен Ақжайық ауданынан Құрман Бисеғалиев жеңімпаздар қатарынан көрінді.

1

         Ол ҚХА-дан арнайы дипломмен және естелік бағалы сыйлықпен марапатталды.

         Қоғамдық негіздегі медиатор Құрман Жанұзақұлының еңбегі ақжайықтықтарға жақсы мәлім. Айталық, ол былтыр 102, ал биылғы өткен кезеңде 62 іс бойынша дау-дамайды, кикілжіңді оңынан шешті. Сөйтіп біраз тұрғынды сот мәжілісіне дейінгі әбігерден және сот мәжілісінен құтқарды, талайдың уақытын үнемдеуге септесті.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале