8.05.2019, 16:03
Оқылды: 25

Астанадан жүлделі оралды

Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық экология инженерия  және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген V халықаралық пәндік олимпиадасы және «Астана – менің сүйікті қалам» республикалық эссе конкурсының қорытындысы мәлім болды.

astana

Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 2 «в» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.

Аталмыш олимпиадаға барлық облыстардан оқушылар қатысып, өзіндік бақтарын сынады.

Астананың әсем табиғаты, көркі салынған құрылыстар жөнінде эссе жазған, сондай-ақ, қазақ тілі мен математика пәні бойынша өзіндік білгірліктерін көрсеткен сынып оқушылары Сымбат Алпысбай, Әлихан Болатов, Шәкәрім Төреғали, Елназ Марат, Ербол Тілекбаев, Әлихан Қайратов, Ерасыл Жұбанғали, Ақниет Сүлейменовтің байқауда бақтары жанып, арнайы диплом, медаль, сыйлықпен марапатталды.

Жүлделі І орыннан көрінген оқушылар Нұр-Сұлтан қаласының көрнекі жерлерін аралап, көптеген мағлұмат алды.

Дильназ Сүлейменова,

«Сырым елі» газетінің жас тілшісі

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале