13.02.2019, 10:02
Оқылды: 22

Ата дәстүр жаңғырды

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық акциясы негізінде Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Ата дәстүр – асыл қазына» атты кеш өтті.

 IMG_1532

Кеш барысында ақ дастарқан жайылып, сыбаға дәстүрі туралы айтылды. Ауыл ақсақалы Болат Ақболатов бабадан қалған дәстүрдің бүгіні мен болашағы, дәстүрлі құндылықтарымызды құрметтеудің, насихаттаудың зор мәнге ие екендігін  айтып өтті.

Ұлт пен ұрпақ тәрбиесі туралы өткен басқосуды дәстүрлі әнші Нұршат Исламғалиев әсем әнмен әрлей түсті.

Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбану Салауатқызы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға сыбаға-қоржын таратты. Болат ақсақал жақсы істің әрі қарай жалғасын табуын тілеп, бата берді.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале