26.01.2018, 16:57
Оқылды: 45

Атамекенде балаларға арналған ойын алаңын салу жоспарланған

Тасқала ауданы әкімінің есеп беру кездесуі Атамекен, Амангелді ауылдарынан басталды.

Барлық округтерде өткен жиында аудан әкімі С.Әлиев аудан бойынша атқарылған игі істерге тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

2017 жылғы есептік кездесуде Атамекен ауылы тұрғындары Совхоз мектебінің жанынан тағы бір балабақша тобын ашу мен Қалмақшабын, Алмалы ауылдарына ауыз су тарту мәселесін көтерген болатын.  Бұл мәселелер де шешімін тауып,  бастауыш сыныптар оқитын ғимаратта 50 баланы қамтитын екі топ, бір шағын орталық пен даярлық тобы ашылған. Ал бастауыш сыныптар үлкен мектепке көшірілген. Ауыз су мәселесі бойынша биылғы жылы Атамекен, Қалмақшабын және Алмалы ауылдарына жобалық сметалық құжаттар дайындалып, ашық конкурс жарияланған. Енді тек конкурс қорытындысы бойынша мердігер анықталып, сәуір және мамыр айларында су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар ауылда қыркүйек айынан бастап дзюдо күресінен секция жұмыс бастады. Бұл балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізіп отыр.

Биылдан ауылдағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда, заманауи Street Workout және балаларға арналған ойын алаңын салу жоспарланған. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің базасы жасақталып, демеушілер қолдауымен біраз жұмыстардың атқарылатынын округ әкімі  тілге тиек етті.

Жиын соңында ауыл тұрғындары округ әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Аудан әкімінің есеп беру кездесуі Амангелді ауылында жалғасты.

Бұл округте де біркелкі жұмыстар атқарылған. Өткен жылдың маусым айында «Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасымен «SK.BAT» ЖШС 877,6 мың теңгеге 1,05 шақырым  қашықтықты құрайтын Т.Рысқұлов және Сарайшық көшелерінің жергілікті топырақты төсеу арқылы жолдарын тегістеді.

Тамыз айында «Өңірлерді дамыту» бюджеттік бағдарламасымен 789,9 мың теңгеге  «Бауыржан»  жеке кәсіпкері  қатты қалдықтарды тастайтын орынды жасады.

Сондай-ақ 1-Шежін елді мекеніне қатынайтын 1,7 шақырым қашықтық жол да жөндеуден өткен.  «Елді мекендерді көгалдандандыру мен абаттандыру» бюджеттік бағдарламасымен «Даңқ» аллеясы ішін безендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тасқала ауылдық округі бойынша былтырғы жылғы есептік кездесуде үш ұсыныс түскен. Соның екеуі шешімін тапқан.

Округ әкім Жаннұр Бекбауұлының есебі бойынша сумен жабдықтау жүйесін ұйымдастыру бағдарламасы негізінде бірнеше көшеге 7 млн 142 мың теңгеге су өткізілген.

Күні бүгін Бірлік ауылының су құбырына 2 млн 995 мың теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстарынақаражат бөлініп, құбыр қайта іске қосылды. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да біркелкі жолға қойылған. Өткен жылы 60 дана электр үнемдегіш шам сатып алынып, ескі көше шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар биыл Абай және Маметова көшелеріне қос бірдей балалар ойнайтын алаң мен көше тренажорларын орналастыру, Абай және Кенжин көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналған брусчаткадан тротуар төсеу, Жеңіс көшесінде орналасқан «Тәуелсіздік саябағын» әрі қарай абаттандыру, қосымша 70 дана электр шамдарын орнату жұмыстары жоспарланған.

Назгүл ЖӘРДЕМОВА,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале