26.09.2019, 16:02
Оқылды: 61

Атаулы әлеуметтік көмектің берекесін көруде

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сәуір айынан бастап, аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

 4345531

Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралардың шарапатын сезініп отырған бұқараның бұған айтар алғысы мол. Аудан тұрғындары да атаулы әлеуметтік көмектің арқасында тірліктерін дөңгелете бастады. Мәселен, Жәнібек ауданы Талов ауылының тұрғыны Гүлжайнаш Мұтаева атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін бұзаулы сиырсатып алды. Қазір отбасы осы малдың өнімін өндіріп, бала-шағасын асырап отыр. Тағайындалған әлеуметтік көмек көп болмаса да, отбасы бұл қаржыны тиімді жұмсауда. Гүлжайнаштың айтуынша, сәуір айынынан бастап ай сайын 49 449теңге алуда.

-Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмастан бұрын мен де жұбайым да жұмыссыз едік. Көмектің игілігін көріп отырмыз деп айта аламын. Бір бұзаулы сиырды ауылдағы шаруа қожалығымен келісіп, ақшасын ай сайын беріп отыруға келістік. Алдағы мақсатымыз қорамыздағы мал басын көбейтіп, ел қатарлы өмір сүру. Жалпы қара малдың пайдасы көп. Қазіргі таңда жұбайым да, мен де тұрақты жұмысқа орналастық,- дейді ол.

Атаулы әлеуметтік көмек көп балалы отбасылардың қолын ұзартты. Осындай көмектің пайдасын күйгенкөлдік Нұрлыбек Жұмағұлов та көруде. Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған отбасыға ай сайын 111 404 теңге атаулы әлеуметтік көмек тиіп отыр. Осы қаражатқа 1 баспақ және 4 тоқты алды. Бірақ үйлерінде мал ұстауға мүмкіндік болмағасын, ағасының шаруа қожалығындағы малға қосып, жем-шөбін алып бағуда. Алдағы уақытта үйінің жанынан қора салып, төрт түлікті көбейтпекші.

Сонымен қатар Жәнібек ауылының тұрғыны, көп балалы ана Жанаргүл Сағадетоваға бір жылға 1 406 892 теңге атаулы әлеуметтік көмек берілген. Бұған қоса, ол аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 25 күн оқып, қайтарымсыз 505 000 теңге грантқа ие болды. Сол арқылы ол жұбайымен бірге дәнекерлеу ісін қолға алды.

Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекті алған әр отбасы оны тиімді пайдаланып, мүмкіндікті жіберіп алмауы керек. Тірліктерін дөңгелетіп, мұқтаждықтан арылудың жолын іздеу қажет.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале