17.01.2020, 10:56
Оқылды: 45

Атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібі түсіндірілді

Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева мен Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақова Қаратөбе ауданына келді.

qaratobe (2)

Бибігүл Тишанқызы қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан атаулы әлеуметтік тағайындау мәселесі туралы ауыл әкімдері мен арнаулы қызметкерлерге түсіндіріп берді. Қандай жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек көрсетілмейтінін айтып түсіндірді. Өкілдер халыққа дұрыс ақпарат беру керек және әрбір маман құжатқа салғырт қарамауы тиістігін және заң бойынша сауатты болу қажеттігін ескертті.

qaratobe (1)

– Қазіргі таңда аталмыш көмекті алу үшін қорадағы малын басқа адамның атына тіркеп жатқан немесе осы жағдай үшін жұмыстан шығып, тағы басқа құйтұрқы амалдарға барып жатқан адамдар көп, сол себепті комиссия құрамы өте мұқият жұмыстанып, шикіліктерге жол бермеуі тиіс. Ал көмекке мұқтаж жандарға қолдан келгенше қол ұшын беріп, аяққа тұрып, жағдайының көтерілуіне мүмкіндік жасау қажет, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Ділдаш Салауатқызы мін түзелмей сын түзелмейтінін еске салды.

Жиында ауыл әкімдері ауылдық округтердегі күрмеуі шешілмеген мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, жауап алды.

 

Тұрсынай Боранбайқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале