23.01.2021, 17:47
Оқылды: 123

Атқарылған істер мол

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпандағы №190 «Орталық атқару органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері өткізіліп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беруі белгіленген болатын. Соған сәйкес 19-шы қаңтар күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің және Жаңақазан, Жаңажол ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесуі өтті. Аталмыш шараға ауылдық округтегі тұрғындардың әртүрлі салалар өкілдері: ардагерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері, кәсіпкерлер, жастар өкілдері, білім беру,  денсаулық сақтау, мәдени сала қызметкерлері және жұмыссыздар қатысты.

IMG_7089

Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Сәдуақас Ғұбашев 2020 жылы атқарылған істерге 10 бағыт бойынша тоқталып өтті.

- Кедейшілік, жұмыссыздықпен күрес және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бағыты бойынша да бірқатар жоспарлы жұмыстар жүзеге асты. Ауылдық округ бойынша  өткен жылы 43 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жыл басында жұмыссыздар есебінен  15 азамат тұрақты, 64 адам ақылы қоғамдық жұмыс орнына, 6 адам маусымдық жұмысқа жіберілді. 2020 жылы 6 отбасыға бір мезгіл төленетін материалдық көмек қаржы тағайындалды. Сонымен қатар өткен жылы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмыссыздар тізімен 53 адам 3 ай мерізімге жұмысқа тартылды. Жыл соңында жұмыс іздеушілер есебінде 103 адам тіркеуде тұр, - деді Жаңақазан ауылдық округінің әкімі С.Ғұбашев.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақазан ауылындағы басты мәселелерге тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындары кірме жол, аудан орталығымен қатынайтын жолдың мәселелерімен қатар, ауыл тазалығы және қысқы мал азығының мөлшері жайында және вакцина салдыру жайында сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

20210123_174231

Одан кейін Жаңажол ауылына ат басын бұрған аудан әкімі тұрғындармен жүздесіп, ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдады. Есепті кездесуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Қаресов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар, аудандық аурухананың директоры Сержан Есенгубеков, сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің бастығы Бижан Бисенұлы,   «КазТрансГазАймақ» АҚ аудандық филиалының директоры   Жасұлан Жақсымбетов қатысты.

Алғаш боп сөз алған Жаңажол ауылдық округінің әкімі Аслан Қанатұлы жыл бойы жүзеге асқан істерге тоқталып, алдағы атқарылатын шараларды тілге тиек етті.

- Жаңажол ауылдық округі бойынша  жалпы орта білім беретін  2 мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Олардағы оқушылар саны  - 255,  ал мұғалімдер саны - 84.

Соның ішінде  Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінде 163 оқушы білім алуда. 47 мұғалім қызмет атқарып жатыр. 1 толық күнді шағын орталықта 25 бала, қазіргі пандемиялық жағдайға байланысты  штабтық комиссияның ұйғарымымен 10 бала қабылдап отыр.

Мектептерде түрлі қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда. Жыл сайын мектептерде «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы ұйымдастырылып, тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген жанұялардың балалары киім-кешектер, мектепке қажетті құралдармен қамтылып отырады, - деді Жаңажол ауылдық округінің әкімі А.Оразалиев білім беру саласы бойынша мәліметтерге тоқталып.

IMG_7132

- Құрметті Жаңажол ауылының тұрғындары. Жыл басында өздеріңізбен жүздесіп, былтырғы жылы атқарылған істерді айтып, ұсыныстарыңызды тыңдауға келіп отырмыз. «Жаңарған өңір» газетінің №2 санында аудан көлемінде атқарылған істерге қысқаша тезис жарық көрді. Ауданымыздың басты күн көрісі – мал шаруашылығы. 2020 жылы ірі қара малы 116 пайызға, қой мен ешкі 104 пайызға, жылқы малы 117 пайызға өсіп отыр. Бұл ретте шаруа қожалықтары жақсы жұмыстанып, мемлекеттен берілетін көмектерді тиімді пайдаланып отыр, - деді аудан әкімі Н.Қадырбайұлы.

Жаңажолдық ағайынның да айтарлары бар екен. Тұрғындар мектеп оқушыларының тегістей тегін тамақпен қамтамасыз етілмейтіндігін, ауданға қатынайтын жолдардың уақытылы қырылмайтындығын айтты. Сала мамандары қойылған сұрақтарға жауап берді. Есепті кездесу аяқталған соң аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале