30.05.2017, 12:01
Оқылды: 22

Атырауда аймақтық конференция өтті

Атырауда Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында аймақтық конференция өтті.


Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Меңдігүл Фазылова аталған конференцияда Ғұмар Қараш туралы «Қараңғылықтың түнегін түрген шамшырақтар» атты баяндамасын ұсынды. Меңдігүл Фазылова әрі А.Оразбаева атындағы орта мектептің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.

Конференция барысында 63 ғылыми-танымдық зерттеу  баяндамасының  негізінде 273-беттік  «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-практикалық  конференциясының материалдары» атты кітап шығарылды.

Н. ЖАПАҚОВ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале