30.10.2017, 17:13
Оқылды: 23

Атыраудан жүлдемен оралды

Атырау облысында Киров халық театрының 50 жылдығына орай аймақтық театрлар фестивалі өтті. Онда Жымпиты халық театры сәтті өнер көрсетіп қайтты.

Жымпиты халық театры драматург Рақымжан Отарбайдың «Сырым батыр» атты тарихи драмасын қойды. Фестивальге ұсынылған 7 бірдей қойылымның ішінде «Сырым батыр» тарихи драмасы өзінің күрделілігімен және тақырыптық салмағымен ерекшеленді. Қазылар қойылымның  шынайылығы мен режиссердің рөлдерге актер тағайындаудағы талғамын жақсы бағалады әрі драманың Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мағынасына үйлесетінін атап өтті. Қойылымның қоюшы режиссері – Сәндібек Өтеғалиев.

Екі күнге созылған фестивалдің қорытындысы бойынша Жымпиты халық театры жүлделі ІІІ орын алды. Сонымен бірге жергілікті театр фестивальдің арнайы жүлдесін де иемденді.  Ал театрдың актері Жоламан Еркін «Ең жас актер» болып танылды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале