1.08.2017, 18:04
Оқылды: 19

Атыраулық автожорықшылар ауданда болды

Сырым ауданында Атырау облысынан бастау алған Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына орай ұйымдастырылған "Қарой-Шейітсай-Қарой" атты автожорықтың қатысушылары болды.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бастаған автожорықшылар Атырау облысының аудандарының «Нұр Отан» партиясының филиалдарының төрағаларының бірінші орынбасарларымен, тархишылармен, журналистермен толыққан. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын автожорықшыларды аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев қарсы алды.

Ауданға келген қонақтар Қадыр ескерткішін, Алаш саябағын, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады.

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев Сырым ауданының әкімінің орынбасары Асыланбек Сарқұловқа  алғысхат табыстады. А.Сарқұлов атыраулықтарға «Оралбек батыр», «Абдолла» кітаптарын сыйға тартты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале