16.02.2017, 14:23
Оқылды: 23

Аудан әкімі ауған ардагерлерін қабылдады

Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудандағы жауынгер-интернационалистер Мұрат Айдарханов, Қази Төлегенов және Дауылбай Көнеевті қабылдады. 


-Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатынасқан қазақстандықтарды әлемдегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосқан азаматтар деп біледі, құрмет тұтады. Ауған соғысының ардагерлері кейінгі ұрпақ үшін ерліктің үлгісіне айналып келеді. Біздер арамызда сіздер сияқты батырлардың барын мақтан етеміз! – деді аудан әкімі Абат Шыныбеков өз сөзінде.

Кездесу барысында ауғандықтар естеліктер айтты, зиялы қауым өкілдерінің құттықтауларын қабылдады.

Шара соңында әкім ардагерлерге естелік сыйлықтар ұсынды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале