18.05.2017, 14:59
Оқылды: 55

Аудан әкімі дарынды оқушыларды қабылдады

Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық оқулар, пәндік олимпиадалар мен түрлі бағыттағы байқаулардың жеңімпаздарын, сонымен бірге олардың бойындағы таланты мен дарынын ұштаған ұстаздарды қабылдады.

Жиынға Подстепный №1 орта мектебі мен «Үміт» лингвистикалық гимназиясының 14 оқушысы мен 10 мұғалім қатысты.

Шараға қатысушылар емін-еркін өз пікірлерін білдіріп, оқу үдерісінен сыр шертті. Әсіресе Александр Завертяев, Ерданат Ергенбаев, Гүлдария Кабдулханова сынды шәкірттер тұңғыш рет қабылдау ұйымдастырып отырған аудан әкіміне алғыс айтса, Мейрамбек Қадырбеков ұстаздарына арнаған төл туындысын оқып берді.

Аудан әкімі Мұрат Рахметұлы мен мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев облысымыздың даңқын асқақтатып жүрген оқушылар мен ұстаздарға алғыс айтып, ақ тілектерін арнады. Сонымен қатар алда күтіп тұрған білім сынағы – ҰБТ-дан сүрінбей өтуді тіледі.

Шара соңында білім беру бөлімі мен әкімшілік атынан ұстаздар мен оқушыларға алғыс хат және кітаптар табыс етілді.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале