21.02.2020, 15:11
Оқылды: 230

Аудан әкімі де атқа мінді  

Еріктілер жылы аясында Қаратөбе  ауданының әкімі Жанат Асантаев ауданымыздың жас еріктілерімен кездесіп, оларға атқа міну мәдениетін үйретті.

karatobe audany (3)

Алғашқы кезекте жастар ат әбзелдерімен танысып, олардың  орналасу реттілігін тамашалады. Артынша сайгүліктің құлағында ойнайтын шабандоздардың ойындарын тамашалап, жігіттердің ептіліктеріне тәнті болды. Аудан әкімінің өзі де алғашқылардың қатарында   атқа отырып, жастарға үлгі көрсетсе, көкпаршылар да өз шеберліктерімен танылды. Әрі бұл күні еріктілер ер қанаты болған жануарымен жақын танысып, атқа мінуді де біраз үйреніп қалды.

karatobe audany (1)

 

karatobe audany (2)

- Мұндай шаралардың ата-бабамыздың өткен тұрмыс-тір-шілігімен жіті танысуға тигізер ықпалы зор. Атқа мінудің денсаулыққа да орасан зор пайдасы бары әлдеқашан дәлелденген. Жалпы жылқы өте киелі жануар ғой , - дейді аудан басшысы Жанат Асылханұлы.

                                                       Маралбек АМАНТАЕВ

                                                                         Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале