2.10.2017, 16:28
Оқылды: 25

Аудан әкімі майдангердің шаңырағында болды

Халықараық қариялар күніне орай Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевтің шаңырағында болды.

- Жыл сайын 1 қазанда әлемдiк қауымдастық Халықаралық қарттар күнiн атап өтедi. Бұл мереке аға буын адамдарын құрметтейтiн, ардагерлерге қамқорлық танытатын мереке болып саналады. Қарияларға қамқор болу — барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар - дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi,-деп құттықтауын білдірген аудан әкімі Абат Абайұлы мерекеде арнайы дайындалған сыйлықты тарту етті.

Бұдан кейін майдангер ақсақалмен ашық жарқын дастархан басында әңгімелесті. Аудан басшысы Абат Абайұлына, келген қонақтарға ризашылығын жеткізген Жұбат ақсақал:

-Жыл сайын  бізді  елеп-ескеріп, сый-сияпат көрсетіп жатқан  аудан басшыларына ризашылығымды білдіремін. Біз осындай қайсар халықтың  ұрпағы болғанымызды  мақтан тұтамыз. Біз көрген қиыншылықты кейінгі ұрпақ көрмесін. Барлық шаңыраққа мамыражай тірлік, ырыс-береке тілеймін! Ләйім, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын,- деп ақ батасын берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

 Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале