24.05.2018, 11:31
Оқылды: 66

Аудан әкімі ордалық үздік оқушыларды қабылдады

Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов 2017-2018 оқу жылында өнер мен спорт, білім мен техника салалары бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде үздік нәтижелерге қол жеткізген оқушыларды қабылдады.

Қабылдауда аудан әкімі осындай нәтиженің барлығы ұстаздар қауымының еселі еңбегінің арқасында екендігін айтып, алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, еліміздегі үздік деген жоғары оқу орындарына түсіп, білікті маман болып, еліміздің, ауданымыздың өсіп-өркендеп, көркеюіне, зор үлестерін қосады деген лебізін жеткізіп, білім саласынан 15, техника саласынан 6, өнер саласынан 37, спорт саласынан 2 оқушыға  алғысхат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков шәкірттерді жетістіктерімен құттықтап, ақ жол тілесе, мектеп оқушылары Дастан Сатуов, Гүлпара Табылды және Ерасыл Есмах өздерінің жүрек жарды алғыстарын айтып, күй шертіп берді.

Айта кетелік, шараға 60 оқушы қатысты.

Айша ҚҰРМАШ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале