5.02.2020, 17:38
Оқылды: 123

Аудан әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев тұрғындар алдында есеп беріп облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қатысты.

qaratobe (21)

Аудандағы ілкімді істерді баяндаған аудан әкімі, жоспарлармен де бөлісті.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев аудан әкімінің есебін оң бағалады. Аудан тұрғындары да атқарылған жұмыстарға көңілі толатынын мәлімдеді. Дегенмен әлі де ауыл ішілік жолдарды жаңарту, Шөптікөл ауылына жол салу, әлеуметтік нысандар салу сынды ұсыныс-тілектерін де айтты.

qaratobe (24)

Кездесуде сөз алған тұрғындар ауыз су мәселесі, ауылішілік жолдар, білім беру ошақтарының күрделі жөндеуден өткізу, жанармай бекетін салу және қазіргі таңдағы баға тұрақтылығы жөнінде ұсыныс пікірлерін айтты.

qaratobe (10)

Есептік кездесуден соң облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы тұрғындарды жеке қабылдады.

qaratobe (14)

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале