21.08.2018, 15:58
Оқылды: 64

Аудан әкімі ұлық мейраммен құттықтады

Ислам дініндегі басты мерекелердің бірі Құрбан айттың басталуына орай аудандық орталық мешітте айт намазы оқылды.

Алланың үйіне жиналған қаратөбелік жамағатқа алдымен аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев Құрбан айт мерекесінің маңызы турасында уағыз жүргізді. Құрбан шалудың үкімі мен шарттары айтылды.

Аудандық мешітке айт мерекесін қарсы алуға келген тұрғындарды аудан әкімі Жанат Асантаев ұлық мейрамның басталуымен құттықтап, барша жамағатқа айттан айтқа аман жетуін, береке-бірлік пен татулық тіледі.

Содан соң жиналған ізгі ниетті ағайын айт намазын оқыды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Әмірбек Жәнібеков  құтпа оқып, дұға-тілек тіледі.

Айт намазынан соң арнайы ниет етіп келген жамағат құрбан шалды. Түстен кейін аудандық мешітте құран оқудан және ұлттық ойындардан сайыс өтті.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале