13.04.2017, 15:20
Оқылды: 23

Аудан әкімі жас бард әншілерді қабылдады

Таяуда Астана қаласында өткен «Перне тамшылары-2017» жас бард әншілердің аймақтық фестиваліне жәнібектік өнерпаздар қатысып, жүлделі орындардан көрінген болатын. Аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының мекемесіндегі Меңдігүл Қуанәлиева жетекшілік ететін жас өнерпаздарды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қабылдады.


- Құрметті  Меңдігүл Сағидоллақызы және жас өнерпаздар! Сіздерді өнер жолындағы жетістіктеріңізбен құттықтаймын! Елордамызда өткен өнер додасынан жүлделі орын алғандарыңыз аудан халқының мақтанышы, ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың мерейі. Сіздер аудан және облысымыздың намысын қорғап, біздерді бір қуанттыңыздар. Өнерлеріңіз үстесін! Бард әндерін орындау екінің бірінің қолынан келмейді. Өнердің бұл түрі әркімге берілмеген. «Өнерлі өрге жүзер» деген дана халқымыз. Сіздердің бұл жетістіктеріңіз ұстаздарыңыз Меңдігүл Сағидоллақызының еселі еңбегі деп білемін,- деді аудан басшысы.

Жылы шырайлы кездесу барысында Наурызбай Қадырбайұлы қазақтан шыққан тұңғыш бард әнші Табылды Досымов туралы әсерлі естелігімен бөлісті.

Меңдігүл Қуанәлиеваны алғыс хатпен марапаттап, тәуелсіз еліміздің төл перзенттерін өнер жолына тәрбиелеудегі еңбегіне шығармашылық толайым табыс тіледі. Содан соң бард әншілер Расул Ерназаров Қ.Рахымның «Байқамаймыз», Айшат Хамзина мен Анель Тастанова Абайдың «Көзімнің қарасы» әндерін  орындады.

 

                                                                            Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ

                                                                                          Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале