20.12.2017, 17:16
Оқылды: 18

Аудан әкімінің жүлдесі үшін турнир өтті

Ақжайық ауданында волейболдан аудан әкімінің жүлдесі үшін ерлер арасында турнир өтті.

Жарысқа аудан құрамасы, ауылдардан ойыншылар, оның ішінде аудан әкімдігінің командасы қатысты.

Ойын нәтижесінде аудан құрамасы жеңімпаз атанды. Ілбішін ауылының волейболшылары ІІ,  чапаевтықтар ІІІ орынды еншіледі.

Он сегіз ауылдық округі бар ауданның 11 ауылдық округіндегі волейбол командалары тұрақты қалыптасқан, құрамы мығым әрі ізбасар жас ойыншылары бар.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале