11.09.2019, 18:32
Оқылды: 62

Аудан активі Президент Жолдауын талқылады

Бүгін Қаратөбе ауданы активінің жиналысы өтті. Жиналыста Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды.

 IMG_1917

Актив жиналысын кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі Жанат Асантаев Жолдауда айтылған басым бағыттар туралы айтты.

– Мәдениет саласы қызметкерлеріне көрсетілген басым бағыттарға байланысты ауданның мәдениет саласы қызметкерлері атынан ҚР Президентінің Жолдауындағы қолдауына зор алғысымды білдіремін.

Жолдауда мемлекет басшысы тіл мәселесін қамтыды. Мемлекеттік тіліміздің ұлтаралық қатынас тіліне айналып, әлем тілдері қатарынан көріну керектігін де басты назарда ұстауды атап өтті.

IMG_1901

Бұқаралық спортты дамытуға да үлкен көңіл бөлініп отыр. Бүгінде ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен аудан бойынша 5 спорт алаңын салу жоспарланған еді. Қазіргі таңда үш спорт алаңын салу үшін Шөптікөл ауылы, Жусандыой, Саралжын ауылдық округтерінде жұмыстар жүріп жатыр. Аудан бойынша спортпен шұғылданушылар 30,26 пайызға жетіп отыр, - деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев.

IMG_1920

Кәсіпкерлік саласын дамытуға байланысты көптеген мәселе айтылды. Осыған байланысты ауданның жас кәсіпкері Серік Қорғанұлы:

– Жолдауда Президентіміз 2020 жылдан бастап орта және шағын бизнес субьектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімнің күшіне енетінін айтты. Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қосымша қаражаттың бөлінуі, біз сияқты кәсібін жаңадан ашқан жастарға тиімді болатындығы сөзсіз, -дейді.

Жастар жылы аясында жастар саясатын қолдау бағытында ауданда атқарылған жұмыстар туралы аудандық «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгөлек Андирова баян етті.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале