5.01.2017, 17:01
Оқылды: 46

Аудан басшысы қамқорлық көрсетті

kamkorlik_imam   Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов аудандық мешітте жұртшылықпен жүздесті.

   Алдымен ата-баба рухына құран бағыштаған аудан басшысы кездесу барысында келелі әңгіменің басын қайырды. Халықтың хал-ахуалын сұраған Кәрім Кәрімоллаұлы елдің ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Содан соң мал сойылып, оның етін түгелдей қайырымдылыққа арнауды жөн көрді.


   Ел амандығын тілеп, жамағатты әркез татулықта, бірлікте болуға шақырған аудандық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев әлеуметтік жағдайы төмен жандарға мал етін таратты.

 

Айшабибі Мәмет

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале