21.06.2017, 17:02
Оқылды: 36

Аудан бойынша ең жоғары балл - 129     

karatobe ubtКеше Мұхит атындағы Қаратөбе орта жалпы білім беретін мектеп базасында орналасқан №846 ҰБТ өткізу пунктіндегі тестілеу сынағы аяқталды.


Аталмыш сынақты тапсыруда аудан бойынша ең жоғары балл жинаған Қаратөбе мектеп гимназиясының түлегі Әлихан Есқазиев болды. Оның жинаған балы - 129.

Талапкерлер арасынан  аудан мектептері бойынша «Алтын белгі» иегерлері атанған Гүлжазира Қалдыбаева, Гүлімбибі Қайырлиева, Аружан  Сайкомова, Құндыз Орынғалиева, Гүлназ  Шакеева, Гүлжанат Сембаевалар тест сынағынан  жоғары балл жинады.

Аудан бойынша білім сапасының көрсеткіші 89 пайызды құрап отыр.

Ерболат РАЙСОВ,

  Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале