17.04.2017, 18:27
Оқылды: 27

Аудан чемпионаты өтті

Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде 2004 жылы туған және одан да кіші жасөспірімдер арасында волейболдан Жәнібек ауданының чемпионаты оздырылды.

Жарыс қорытындысында Ө.Сақыпов атындағы мектептің командасы бірінші, Ғ.Абдуллин атындағы мектептің командасы екінші және БЖСМ-2 командасы үшінші орындарды өзара бөлісті.

Сондай-ақ Дарын Нұрланұлы «Үздік шабуылшы», Расул Қадешев «Үздік байланыстырушы», Рустам Болат «Үздік тосқауыл қоюшы», Мөлдір Талғатова «Үздік ойыншы», Мирлан Көшенов «Ең жас ойыншы» аталымдарына ие болды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер чемпионаттың медаль, диплом және сыйлықтарымен марапатталды.

                                                                                                                                                А. ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале