10.04.2017, 17:47
Оқылды: 29

Аудан спортының деңгейі биік

Shingirlau audan sportshilarinin dengeyi biyk    Шыңғырлау ауданы татулық сүйген халқымен, достыққа, еңбекке ерекше бейім салтымен ғана емес, сан жерде топ жаратын саңлақ спортшыларымен де мәлім. Бүгінде спорт ардагерлерінің сапын лайықты толықтырған Олег Исмагилов, Евгений Евстифеев, Қазы Сырымов, Александр Пятин, Аманбай Нұғманов, Талаптер Дүйсебаев, Мақсот Юсупов, Қайсар Құсайынов сынды спортшылардың ізін басқан талай тамаша таланттылар шығуда Шыңғырлаудан. Әрине, тынымсыз еңбек пен аса тиянақты жаттықтыру нағыз спортшыны шыңдап шығаратынын ескерсек, балғын спортшылардың бабын келістірген, бәсекеге сақадай сайлап қосқан бапкерлеріміз, жаттықтырушыларымыз спорттағы жеңісті жетістіктер сабақтастығын жалғастырып келеді.


     Жуырда Ақсай қаласында дзюдо күресінен өткен КСРО спорт шебері Серік Сағидоллаұлы Аманбаевтың жүлдесіне арналған 2001-2008 жылдар аралығында туған жасөспірім балалар мен қыздар арасындағы дзюдодан аудандық ашық турнир өтті. Осы ел байрағын биік көтерген бәсекеде жерлестеріміз - Өтеген Архат (Лубен, +42 келі) І орын, Сатқанов Елдос (Шыңғырлау, 50 келі) ІІ орын, ал Наурызбаев Серікқали (Лубен, 32 келі) ІІІ орынды жеңіп алды.

    -Астана қаласы, Атырау облысы және облысымыздың барлық аудандарының спортшылары қатысқан тартысты турнирдегі бұл жеңіс біздің спортшыларымыздың және аудан спортының еш өңірден кем түспейтінін, тіпті кейбір жағдайда деңгейіміздің жоғарылығын дәлелдейді,-дейді аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Әлібек Сарбалиев.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы  

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале