12.02.2018, 15:03
Оқылды: 24

Аудандық жұмыспен қамту орталығы жаңа форматта жұмыс жасауда

Өткен жылы Қазталов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшкен болатын.

Бұған аудан әкімі Абат Шыныбеков үлкен қолдау жасады. Нәтижесінде мекеме облыс бойынша қызмет көрсету түрлері бойынша жетілдірілген орталық болып отыр.

Қазіргі күнде орталықта жұмыс іздеушілер мен жұмыс атқаратын арнайы менеджерлер қызмет жасауда. Олардың негізгі қызметтері - жұмыс іздеушілерді жұмыссыз ретінде еңбек нарығы базасына енгізу, профильдеу, жұмысқа орналастыру және жұмыссыздар арасында мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жұмыс атқаратын промоутер қызметі де бар. Қызмет орталығында арнайы электронды күту залы орнатылып, тұрғындар кезекпен талон алады. Сондай-ақ орталықта жұмыс іздеушілерге арналған өз-өзін басқару аймағы да қызмет атқарады. Бұнда жұмыс іздеушілер мекен жай анықтамасын, бос жұмыс орындарын және тағы да басқа өздеріне қажетті қызмет түрлерін іздеп, таба алады.

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале