23.01.2019, 16:17
Оқылды: 45

Ауған соғысының боздағын еске алды

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 30 жыл толады.

aqjaiyq augAN (2)

         Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Ауған соғысында мерт болған Нығыметолла Тілеулинді еске алу кешін ұйымдастырды. Нығметолла Базарбайұлы 1960 жылы Ақжайық ауданының Есенсай ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Чапаев ауылындағы орта мектепті тәмамдап, 1978 жылы Алматы қаласында әскери азаматтық борышын өтейді. 1979 жылы Ауғанстанға аттанады. 1980 жылы Желалабад маңында шайқаста қаза табады. Қайтыс болғаннан кейін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Бүгінгі таңда Чапаевта Н.Тілеулин атындағы көше бар.

         Аталған кеште кітапханашылар қазақстандық жауынгердің ерлігіне арналған өлеңдер оқыды. Н.Тілеулинның апасы Клара Базарбайқызы, қарындасы Күләш Базарбайқызы бауырлары туралы естеліктермен бөлісті. Ақын Сағынтай Бисенғалиев «Адамдар, ана жүрегі жыламасын!» атты өлеңін оқып берді.

aqjaiyq augAN (4)

Нұрхат Мағзомов,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале