15.02.2017, 15:47
Оқылды: 36

Ауғанстандағы соғысқа 26 жәнібектік қатысқан

Қазір олардың 12-сі ауданда тұрып жатыр. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлермен кездесті.


Басқосу барысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұржан Асылбеков Ауғанстандағы соғысқа қатысқан ерлеріміздің өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа дәріптеп, жастарға патриоттық тәрбие беруде ауған ардагерлерімен бірлесе жұмыс атқару қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан «ауғандықтар» өздеріне көрсетілген құрметке шынайы алғыстарын білдіріп, елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тіледі. Кездесу соңында аудан әкімі Н.Қарағойшин интернационалист-жауынгерлерге алғыс хат пен естелік сыйлықтарды тарту етті.

Д.ЗЕННАТ,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале