12.07.2017, 19:46
Оқылды: 24

Ауқымды істер айтарлықтай

 

terekti dep 2ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов Теректі ауданында болды. Олардың жанында облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен және аудан әкімі Кәрім Жақыпов болды.


Халық қалаулылары Сарыөмір ауылындағы Х.Есенжанов атындағы орта мектепке жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Мердігер боп саналатын компания  "Алатау-Альдан-Агро" ЖШС өкілі жөндеу жұмыстарына еш кедергі жоқтығын жеткізді. Жергілікті тұрғындар арасынан 30 адам жұмысқа тартылып, жалақылары уақытылы беріледі екен. Айта кету керек, аталмыш білім ордасына 150 млн 556 000 теңге қаражат бөлініп,  жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

Одан соң депутаттар Сарыөмірдегі іші-сырты келіскен Мәдениет үйін аралап, ондағы қызметкерлермен жүздесті. Мәдени ошақтың директоры Жанболат Жолақовтың айтуынша, жергілікті халықтың демалысын ұйымдастыру бағытында түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылады. Тіпті, әр сәрсенбі сайын ауылдың үлкендеріне арналған 70-80-ші жылдардың әндері әуелейтін би кеші де өтіп тұрады. Мәдениет үйі ішінде орналасқан кітапхана жұмысына да депутаттар оң баға берді.

terekti dep   Рыбцех ауылында тіркелген жер сілкінісі теректіліктердің әлі есінде. Сол уақытта Сарыөмірден арнайы үйлер салынып, табиғаттың тосын мінезіне ұшыраған ауыл тұрғындары көшірілген еді. Мәжіліс депуаттары тұрғындармен тілдесіп, хәл сұрасты.

- БҚО-на келген себебіміз - халықтың жағдайын сұрау, сұрақтар мен ұсыныстарын тыңдау, әр ауылдың тыныс-тіршілігіне қанығу. Сарыөмір ауылының қазіргі жағдайы өте жақсы екендігін байқап келеміз. Рыбцех ауылында орын алған жер сілкінісі жергілікті халыққа қауіп туғызды. Мен ол уақытта облыс әкімі едім. Дереу тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру мәселесі көтерілді. Тіпті, ауылдан көшпейміз деген адамдар да болды. Қазір қарап тұрсақ  ондай мәселе туындамаған да сияқты. Көгілдір отын бар, таза ауыз су жүргізіліп, жол мәселесі түбегейлі шешілді. Елбасының үлкен қамқорлығының арқасында өңір көптеген жетістіктерге жетті. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайы бағытындағы  мәселелерінің шешілуі жөнінде жасалған игі істерді ерекше атап өтуге болады,-деді Мәжіліс депутаты Бақтықожа Салахатдинұлы.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале