17.08.2017, 11:35
Оқылды: 32

Аурухана ғимараты жаңартылуда

Теректі ауданы орталығы саналатын Федоров ауылындағы орталық ауруханаға қарасты стационар  ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіп алмақшы.


Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары қарқын алып, жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Кварц – Спецсервис» ЖШС-гі қолға алып, желтоқсан айына дейін аяқтаймыз деп отыр. Жалпы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 479 млн 839 мың 360 теңге бөлінген. Аз қаржы емес. Сол себепті атқарылған жұмыстардың сапасы да жоғары болуы тиіс. Осы кезге дейін халық стационар ғимаратының жағдайы сын көтермейтінін айтудан талған емес. Қыс уақытында ғимарат іші адам төзгісіз суық болатынын  да байқап жүрміз. Міне, халықтың базынасы тыңдалып, сөзі жерде қалмады.

Айта кететін бір жайт, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған уақытта стационар уақытша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ғимаратына орналастырылған.

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале