27.02.2017, 15:37
Оқылды: 18

Ауыл әкімдері жеңімпаз атанды

 

Зеленов ауданы орталығында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті.


Намысты бәсекеге аудан әкімдігі, ауылдық округтер әкімдері, аудандық бөлімдер, аудандық сот, ішкі істер бөлімі мен өрт сөндіру қызметкерлерінің біріккен командасы қатысып, бақ сынады.

Жарыс нәтижесінде аудан әкімі аппараты командасы ІІІ, ішкі істер бөлімі мен өрт сөндіру қызметкерлерінің біріккен командасы ІІ, ауылдық округтер әкімдері командасы І орыннан көрінді. Ал Е.Абдулов «Үздік ойыншы», М.Мусалимов «Үздік байланыстырушы», Е.Сидағалиев «Үздік шабуылшы»,  Т.Хайдаров. «Үздік қорғаушы», А.Жұбанышқалиева «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болды. Жеңімпаздарға диплом мен кубок, сыйлықтар тарту етілді.

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале