29.11.2019, 21:29
Оқылды: 85

Ауыл әкімшілігі мамандарын оқытуға қаражат қарастылды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті.

 qaratobre

Сессия жұмысына аудан әкімі Жанат Асантаев қатысты.

Сессияның күн тәртібіне сай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №24-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың хабарламасы тыңдалды.

Б.Базарұлы хабарламасында 2019 жылғы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер туралы айтып, аудандық мәслихат депутаттарының назарына аудандық бюджеттің кіріс бөлігін 20 млн. теңгеге өсіруді ұсынды.

Аудандық мәслихат депутаты Қобыланды Жұмағалиев 1 қаңтардан бастап аудандағы ауылдық округтердің жаппай дербес бюджетке көшетіндігіне байланысты мамандарды оқытуға қаражат қарастылғанына ризашылығын білдіріп, бюджетке енгізілетін өзгерістерді құптайтынын айтты.

Сессияның күн тәртібіне қойылған мәселелерді халық қалаулылары бірауыздан қолдады.

Ерболат Райсов

 Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале