25.01.2018, 14:57
Оқылды: 75

Ауыл ақсақалдарының бастамасымен мектеп асханасы салынған

Қаратөбе ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі Жусандыой ауылдық округінде жалғасты. Округ әкімі Талап Қазиев есепті кезеңде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

- Ханкөл орта мектебінің асханасы жазғы демалыс кезеңінде ауыл ақсақалдарының бастамасымен тас соғылып, облыстық мәслихат депутаты Құсайын Мұқановтың демеушілігімен цемент, қиыршық тас алынып, ауыл тұрғындарының көмегімен қайта салынып, пайдалануға берілді. Биыл Ханкөл орта мектебінің жылыту жүйесі табиғи газға қосылып, көгілдір отын игілігін пайдалануда, - деді округ әкімі.

Жұмыссыздықты жою мақсатында жүргізілген жұмыстарды саралаған аудан басшысы Жанат Асантаев:

- Ауданда 2018 жылдың 1 қаңтарына 446 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 95 тұрақты, 351 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 1-ші бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту» шеңберінде аудан бойынша 9-11-сынып түлектерін және аз қамтылған отбасынан шыққан 31 адам кәсіби оқытуға жолданды, - деді ол.

Биылғы өткен халық алдындағы әкімдердің есептік кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан мәселе көтерілмеді.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале