9.01.2018, 12:35
Оқылды: 14

«Ауыл шаруаларына жолаушыларға қызмет көрсететін кәсіп ашу керек»

kaztalov sharuashilikҚазталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, биыл Қазталов ауданындағы 316 қыстақта 34385 мүйізді ірі қара малы, 148073 қой-ешкі, 15073 жылқы және 155 түйе қыстауда. Сондай-ақ ауданымызда 142788,3 тонна мал азығы дайындалып, қыстың қолайлы болуына байланысыты қыстақтарға қатынас қиындық туғызып жатқан жоқ.

8 қаңтар күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Бірік, Тереңкөл, Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтеріндегі мал қыстақтарын аралап, мал баққан ағайынның жағдайымен танысып қайтты.

Бірік ауылдық округінің Нұрәлі қыстағында жас шаруа Досболат Бердіғалиев басқаратын «Қадырболат» шаруа қожалығы орналасқан. Алыстан көзге түскендей, қыстақта орналасқан барлық нысандар көздің жауын алады. Бүгінгі заманға сай, өз ретімен салынған тұрғын үй, мал қоралар және арнайы техника тұратын ангар да бар.

Қыстаққа көгілдір отын, электр жарығы тартылған. Қожалық 190 ірі қара, 400 бас қой және жылқы малын өсіруде. Ірі қара малын асылдандыру үшін асыл тұқымды 8 бұқа сатып алған. Мал азығын дайындайтын керекті техниканың барлығы дерлік бар.

Жігерлі жастың бұл ісіне риза болған аудан әкімі алдағы уақытта шаруашылықтан басқа да кіріс көздерін ашуды да ұсынды.

- Сіздердің қыстақтарыңыз күре жолдың бойында орналасқан. Алдағы жылдары асфальт жол да жетеді. Жол бойында отырып, жолаушыларға қызмет көрсететін кәсіпті ашу керек. Шаруаларыңыз алға бассын,-деді Абат Абайұлы.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале