3.12.2019, 19:58
Оқылды: 213

 Ауыл шаруашылығының үздіктері марапатталды

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай Жаңақала ауданы аграрлық саласының үздік мамандары марапатталды. Оларды кәсіби мерекемен  аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтады.

 janaqala (1)

Алдымен жиналғандар аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлерінің өмірі жайлы орталық кітапхана қызметкерлері әзірлеген кітап көрмесімен танысып, аудан әкімдігінің мамандары дайындаған бейнероликті тамашалады.

Салтанатты жиында аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы ауыл шаруашылығы саласында қол жеткен табыстар мен келер жылға белгіленген міндеттер туралы баяндады.

janaqala (2)

– Аудан экономикасының негізгі көзі - мал шаруашылығы. Ауыл - алтын бесік десек, ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген жандардың бәрі де ерекше құрметке лайық. Әрі бұл сала біздің барлық жетістіктеріміздің негізгі өзегі болып отыр. Қажырлы және еселі еңбектеріңіз үшін сіздерге шексіз ризашылығымды білдіремін. Алда да дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! – деді аудан әкімі Н.Қарағойшин.

janaqala (4)

Жиында бірқатар тұрғынға облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің, облыстық ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы басшыларының алғыс хаттары мен төсбелгілері табыс етілді. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша «Үздік асыл тұқымды шаруа қожалығы» аталымы Тілеген Мусинге, «Үздік малшы» аталымы Әділбек Пішпановке, «Үздік ветеринар» аталымы Нұрман Хайрелұлына, «Үздік жылқышы» аталымы Данияр Садыровқа, «Үздік зоотехник» аталымы Қаршыға Мұқанғалиевке, «Үздік механизатор» аталымы Мага Николайұлына, «Үздік шопан» аталымы Мұратбай Кеңесұлына берілді. Ал Қазақстан фермерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы Серік Жарылқапов ҚР фермерлер одағы алғыс хатын Бауыржан Мұратұлы («Бек» шаруа қожалығының басшысы) мен Айдар Ғафуұлына («Айдар» шаруа қожалығының басшысы) табыстады. Осы күні Достық алаңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткенін де айта кетелік. Онда ет, сүт өнімдері, қолөнер бұйымдары, азық-түлік, жем-шөп, тағы басқа заттар қолайлы бағамен сатылды.

janaqala (3)

Жекелеген кәсіпкерлер мен кейбір шаруа қожалығы иелері қайырымдылық жасап, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тегін ет таратты.

janaqala (5)

Алтынбек Серікқалиұлы

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале