3.08.2017, 15:08
Оқылды: 25

Ауыл шаруашылық техникасын сатып алуда

Жәнібек ауданындағы шаруа қожалықтары жыл сайын техника сатып алуды қолға алуда.


Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың айтуынша, үстіміздегі жылдың бес айында машина-тракторлық парктерді жаңарту бойынша шаруа қожалықтары 14 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алса, соның барлығы трактор, нақтылап айтқанда лизингтік техника болып саналады.

-Биылғы ережеге сәйкес инвестициялық салымдарды субсидиялау бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мен жайылымдарды суландыруға берілуде. Сондықтан бірінші шілдеден бастап, ауданда ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған шаруа қожалықтары субсидия алу үшін құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тапсыруда,-дейді аталған бөлім басшысы.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале